18:30, 19 Қараша 2012 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Жамбыл облысында 4-5 балдық жер сілкінісі болды
ТАРАЗ. 19 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 16:41-де Жамбыл облысында магнитудасы 4-5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар бойынша департаментінің баспасөз қызметінен.
«Жер сілкінісінің ошағы Тараз қаласынан 15 шақырым жерде, немесе Алматыдан батысқа қарай 432-ші шақырымда орналасты», - деп хабарлады ведомстводан.
Аймақта соңғы елеулі жер сілкінісі 12 қыркүйек күні болған еді, оның магнитудасы 4,6 балл болған ошағы Қырғызстан аумағында орналасты.