ШҰҒЫЛ: Жамбыл облысында жол-көлік апатында «Ауди» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, автобустың жүргізушісі мен 8 жолаушысы ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы Тараз-Аса тас жолында түнгі сағат 02:50-де «Ауди» көлігі мен Алматы-Түркістан бағыты бойынша жүріп келе жатқан, ішінде 46 жолаушы отырған «Мерседес» жолаушылар автобусы соқтығысты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Жол апатының салдарынан «Ауди» көлігі өртене бастап, оның есімдері анықталмаған жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, автобустың жүргізушісі мен оның сегіз жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

ТЖ орнына ҚР ТЖМ Жамбыл облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 12 адамы мен 2 техника бірлігі шықты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум