ШҰҒЫЛ: Жамбыл облысының Қордай ауданында жол-көлік апатында екі адам қаза тауып, алтауы зардап шекті

ТАРАЗ. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Қордай ауданындағы күрежолда жол-көлік апатында екі адам қазаға ұшырап, алтауы зардап шеккені тіркелді.
None
None

«Өткен сенбі күні сағат 17:15-те Қордай ауданында, облыстық маңыздағы Отар-Үлкен-Сұлутөр автожолының 14-ші шақырымында «Мазда-626» автомашинасы қарсы бетке шығып кетіп, «Ауди-100» автокөлігіне соқтығысты. «Ауди» автомашинасында жеті адам болды», - делінген баспасөз баянында.

Оқиға орнына алған жарақаттарынан 30 және 57 жастардағы екі әйел қаза болды.

«Ауди» автомашинасының басқа жолаушылары әртүрлі жарақатпен Қордай ауданының Гвардия кентіндегі №63302 әскери бөлімінің медициналық-санитарлық бөліміне жеткізілді. Осы медицина мекемесінің хирургия бөлімінде 35 және 37 жастардағы екі әйел, 6 жасар ұл бала және бір жастағы қыз бала жатыр.

Екі жүргізуші де әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

«Мазданың» рулінде 60 жастағы Қордай ауданының Кенен ауылының тұрғыны болды. «Ауди-100» автомшинасының жүргізушісі - 32 жастағы Қордай ауылының тұрғыны.

Жол-көлік апатының барлық қатысушылары да - Қордай ауданының тұрғындары, деп хабарлады аймақтың жол полициясының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар