ШҰҒЫЛ: Жаңаөзенде сайлау өтетін болды - ОСК тиісті қаулыны қабылдады
Оның сөзінше, тап осы себеп бойынша Конституциялық кеңес Орталық сайлау комиссиясының хаты бойынша конституциялық іс жүргізуді тоқтатты. «11 қаңтарды Орталық сайлау комиссиясы «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай кезінде сайлау заңнамасының қолданылу ерекшеліктері туралы» ОСК-ның 2012 жылдың 6 қаңтарындағы №1/153 қаулысының күшін жою туралы қаулы қабылдады. Аталмыш қаулыға сәйкес, Жаңаөзен қаласында партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы және мәслихаттар депутаттарының сайлауы 2012 жылғы 15-ші қаңтарда өтетін болады», - деді ОСК төрағасы.
Оның сөзінше, ОСК сайлаудың өтпейтіні туралы шешім қабылдаған сәттен бастап, өткен алты күн ішінде Жаңаөзен қаласындағы сайлау комиссияларының қызметі уақытша тоқтатылған. «Алайда барлық сайлау құжаттары, сондай-ақ әдістемелік және ақпараттық материалдар сақталған. ОСК Маңғыстау облыстық және Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиялары төтенше жағдайдың сақталуына қарамастан осы аумақтық әкімшілік бірлікте Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі шараларды белсенді жалғастырады. Сайлау науқанындағы үзіліс үгіт жұмыстарына, әсіресе, мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт шараларына әсер еткені рас», - деді Қ.Тұрғанқұлов.
Қ.Тұрғанқұловтың айтуынша, саяси партиялардың үгіт науқаны республиканың барлық сайлаушыларына бағытталған және негізінен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізілді. Соған қарамастан, мәслихат депутаттығына кандидаттардың қазіргі жағдайы теңдей деуге толық негіз бар. «Ең бастысы сайлаушылардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді және Жаңаөзен қаласында сайлау 2012 жылдың 15-ші қаңтарында өтеді», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.