Швейцария мигранттардың келуіне квотасын жариялады
«ЕО елдерінен және ЕО-мен еркін сауда аймағы елдерінен мигранттардың келуіне лимит қойылады. Егер олардың саны көзделгеннен артып кететін болса, онда бұл келесі жылдың ішінде сандық квота енгізуге әкеп соқтырады», - делінген үкіметтің мәлімдемесінде.
Елдің сыртқы істер министрі Дидье Буркхальтердің айтуынша, Швейцария ЕО елдері тарапынан бұл шектеу келеңсіз жағдай туғызатынын күтуде. Тіпті болмағанда, ел Еуроодақпен екіжақты сауда қатынастарын тоқтатуға дейін барады.
«Егер басқа шешім табылмаса, біз барлық екіжақты келісімдерді немесе олардың бір бөлігінің әрекет етуін тоқтатуға әзірміз», - деді елдің СІМ басшысы.
Швейцария квота енгізуге дейін ЕО-мен мигранттарды бөлуге қатысты келіссөздер жүргізді. Үкімет квота енгізуді егер келіссөздер барысында проблеманы шешудің жолы табылмаса, ең соңғы шара деп санайды.
2013 жылы Швейцария елде жұмыс жасауға құқық беретін Еуроодақ азаматтары санына квота енгізген болатын. Швейцария ЕО құрамына кірмейді, бірақ та бұдан бұрын Брюссельмен Еуропада еркін қозғалуға кепіілдік беретін бірқатар келісімдерге қол қойған болатын.