Швейцарияның Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Астанаға келеді - Елші Мауро Рейна

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Осы аптада Қазақстанның Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Швейцарияға барады.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Сенім грамотасын тапсырғаннан кейінгі брифингте Швейцария Елшісі Мауро Рейна мәлім етті.

«Біздің елдер арасында жақсы қарым-қатынастар орнаған, алайда ынтымақтастықты бұдан ары қарай дамытудың әлеуеті зор»,-деп тоқталған Елші: «Екі ел сауда саласында оңтайлы байланыстарды қалыптастырды. Қазақстанда 40-қа жуық швейцарлық компания жұмыс істеуде»,-деді.

Сонымен қатар ол аталған мәселелер бойынша он күн бұрын Швейцарияның Экономика министрі Иоганн Шнайдер-Амман Қазақстанға ресми сапармен келіп, ҚР Премьер-Министрмен және Министрлер кабинетінің басқа да мүшелерімен кездескенін еске салып өтті.

«Осы аптада Қазақстанның Бас прокуроры Швейцарияға барады, ал 10 күннен кейін біздің елдің Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Астанаға келеді. Бұндай қарқынды бағдарламаны ескере отырып, екі елдің ортақ мүдделері жетерлік және пікіралмасулардың тақырыптары да бар»,-деді Мауро Рейна.

Соңғы жаңалықтар