19:31, 17 Тамыз 2010 | GMT +5
Шығармашылық жоғары оқу орындарының оқушылары ІІІ Халықаралық кинематографистер кино мектебі ауқымында білім алуға шақырылуда
МӘСКЕУ. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - ТМД, Грузия, Латвия, Литва және Эстонияның жас кинематографистеріне арналған ІІІ Халықаралық кинематографистер кино мектебі Подмосковьедегі Мемлекеттік фильм қорының кешенінде қазанның 24-і мен қарашаның 2-сі аралығында өткізіледі.

Жобаны жүзеге асырып отырғандар Кинематографистер одағының конфедерациясы мен ТМД қатысушы мемлекеттерінің гуманитарлық байланыстар Мемлекетаралық қорының қолдауымен Ресей Мемлекеттік фильм қоры.
Жобаның жетекшісі, Кинематографистер одағының конфедерациясының төрағасы Рустам Ибрагимбековтың айтуынша, киномектеп жас кинематографистердің кездесетін алаңқайына айналып отыр.