Шығыс Қазақстан облысында 159 гектар жер отқа оранды

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 159 гектар жер отқа оранды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Дүйсенбі, 2 мамыр күні сағат 14.40-та Қатонқарағай ауданы, Новополяковский ауылдық округіндегі Пашкин шатқалында (Катонқарағай мен Зырян аудандарының шекарасы) 150 гектар аумақта құрғақ шөп жанды, сондай-ақ бір мезгілде Зырян орманшылығындағы ормансыз алқаптың (№181 және 187 кварталы) 9 гектар жері тұтанды.

Тілсіз жау келесі күні таңертеңгі сағат 11-де тоқтатылып, кешкі сағат 7 жарымда толығымен ауыздықталды.

Жалынмен Зырян орманшылығының 11 адамы мен 1 техникасы; жергілікті атқарушы органдардың 6 адамы мен 4 техникасы; Үлкен нарын орманшылығының 10 адамы мен 2 техникасы және АВИА-орман қорғаудың 13 адамы күресті.

Соңғы жаңалықтар