Шығыс Қазақстан облысында әкімнің жаңа орынбасары тағайындалды

ӨСКЕМЕН.  Қарашаның  3-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан аумағының  үлкендігіне  және  аймақтың   жоғары  даму әлеуетіне байланысты   Президент  Әкімшілігімен келісіле  отырып,   Үкіметтің Қаулысына сәйкес  облыс әкімінің       тағы бір орынбасарының    қосымша штаттық бірлігі    енгізілді.
None
None

Облыс әкімінің    орынбасарының  жаңа қызметіне  Ермак  Салимов  тағайындалды,  деп   хабарлады әкімнің  баспасөз қызметінен.

 Сөйтіп, облыс әкімінің  қазіргі  орынбасарлардың   арасында міндеттер  бөлінді. Серік  Әбденов   облыс әкімінің бірінші  орынбасары  болып  тағайындалды.   Ал  Ермак  Салимов    өндірістік сектор  мен   өнеркәсіп саласын  үйлестіретін  болды.

 Е.Салимов  жаңа қызметке  тағайындалғанға  дейін  Риддер қаласының әкімі  болған.  Ал  қазір Риддер қаласының  әкімі міндетін     Дмитрий Ковригин атқаруда.

Соңғы жаңалықтар