Шығыс Қазақстан облысында арнайы мекемелерді қажетті көлік құралдарымен қамтамасыз ету мәселесі шешілді

ӨСКЕМЕН. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысында арнайы мекемелерді қажетті көлік құралдарымен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.
None
None

Биылғы жылдың күзінде ШҚО бойынша ІІД басшылығы арнайы мекемелер мен айдауылдау бөлімшелері үшін 8 бірлік арнайы көлік сатып алды.

ШҚО ІІД арнайы мекемелер мен айдауылдау бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Міржан Смағұловтың айтуынша, арнайы контингентті берік оқшаулау және айдауылдауға қажетті УАЗ-3909, ГАЗ-3307 және ГАЗ-3308 базасындағы арнайы көліктерді облыстың зәру бөлімшелері алғаш рет алып отыр. «Көптеген аудандардағы көлік паркі баяғыдан әбден тозып, істен шыққан, қылмыскерді басқа ауданға жеткізу немесе айдауылдауды жүзеге асыру кезінде біз жақын жерлердегі ішкі істер бөлімдерінің немесе облыстың көліктеріне жүгінуге мәжбүр едік. Бұл проблема еліміздің өзге де облыстарында өз көкейкестілігін жоғалтпай отыр. Ал бізде бұл мәселе өзінің шешімін тапты», - дейді полиция полковнигі.

Автокөліктер Бородулиха, Абай, Серебрянск, Риддер, Көкпекті, Курчатов, Глубокое ІІБ мен ШҚО ІІД қабылдау тарату мекемесінің айдауылдау бөлімшелері арасында бөлінді.

Соңғы жаңалықтар