Шығыс Қазақстан облысында бірнеше күнге ұласқан дала және орман өрттері ауыздықталды

ТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында бірнеше күнге ұласқан дала және орман өрттері ауыздықталды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі.
None
None

Еске сала кетсек, 19 қыркүйек күні ШҚО Ұлан ауданы, Тарғын ауылдық округіндегі Синегорье орман шаруашылығында өрт шыққан еді. Тілсіз жау 22 қыркүйек күні сағат 1-де ауыздықталып, тек бір жеті өткеннен кейін толығымен жойылды. 1000 гектар жерді, соның ішінде 15 гектар орман алқабын жойған жалынмен күресті Синегорье орман шаруашылығының 35 адамы мен 3 техникасы жүргізді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, ШҚО Риддер қаласындағы Орталық орман шаруашылығында осыдан 6 күн бұрын басталған ірі өрт те ауыздықталды. Онымен күреске орман шаруашылығының 115 адамы мен 10 техникасы және ҚР ТЖМ ШҚО бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өрт 347 гектар, соның ішінде 100 гектар орманды алқапты жойды.

Құтқарушылар анықтағандай, төтенше оқиғалар салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар