20:13, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Шығыс Қазақстан облысында дала өрті ауыздықталды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында дала өрті ауыздықталды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Бүгін сағат 12.50-де Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД кезекші бөліміне Бесқарағай ауданының Бескөл және Сосновый ауылдық округтерінде дала өрті орын алғаны туралы хабар түсті, деп атап өтті баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндіру қызметі мен «Семей орманы» мекемесі қызметкерлерінің жедел әрі тыңғылықты атқарған шаралары нәтижесінде дала өрті Ресей Федерациясымен шекараға 30 шақырым қалғанда сағат 15.08-де ауыздықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, 45 гектар жер отқа оранды.