Шығыс Қазақстан облысында дала жанып жатыр - ҚР ТЖМ

АНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жалпы аумағы 125 гектар дала жанып жатыр, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Үлкен Нарын ауданындағы орман шаруашылығында болған дала өрті жұма күні таңертең сағат 10.00-да тұтанған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыс төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамындағы 40 адам мен 7 техникасы, орман шаруашылықтың 21 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Құтқарушылардың ақпараты бойынша өртенген жердің болжамды аумағы 70 гектар.

Соңғы жаңалықтар