Шығыс Қазақстан облысында қазақстан-ресей шекарасында барлық автокөлік өткелдерінде бірлесіп кедендік бақылау жүргізу тәжірибесі басталды

ӨСКЕМЕН. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ -Қазақстан-ресей шекарасының автокөлік бекеттерінде бүгіннен бастап екі елдің кеден қызметтерінің бірлескен жобасы басталды. 2008 жылғы келісімге сәйкес, тәжірибе бірлескен шекараның бойындағы барлық автокөлік өткізу бекеттерінде жүргізіледі және желтоқсанның 9-ына дейін созылады,
None
None

деп хабарлады облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылы Ақтөбеде өткен шекаралас аймақтардың форумында екі ел президенттеріне Қостанай облысындағы бірлескен кедендік бақылау жөніндегі тәжірибенің алғашқы нәтижелері таныстырылған болатын. РФ Федералдық кеден қызметі мен Қазақстанның Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті қол жеткізген нәтижелердің негізінде 2009 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан мен Ресейдің басқа да бақылау-өткізу бекеттерінде өткізу туралы шешім қабылданған еді.

Шығыс Қазақстанда бұл тәжірибе алғаш рет Шығыс Қазақстандағы «Ауыл» және Ресейдің Алтай өлкесіндегі «Велоярск» шекаралас өткелдерінде ұйымдастырылды, ал былтыр қазан айының 26-сынан бастап тәжірибе «Қоянбай» (ШҚО) және «Малиновое озера» (Алтай өлкесі) шекаралас өткелдеріне тарады.

Енді сол келісімге сәйкес, сәуірдің 9-ынан бастап тәжірибе қазақстан-ресей шекарасының бойындағы барлық автокөлік өткізу бекеттеріне тарап отыр.

Екі елдің кеден қызметтерінің айтуынша, алғашқы тәжірибелердің нәтижесі жобаның тиімділігін көрсеткен. Автокөлік құралдарын ресімдеудің уақыты анағұрлым қысқарып, өткелдердің өткізу қабілеті артып отыр.

Соңғы жаңалықтар