Шығыс Қазақстан облысында Кеден одағы аумағына кіргізуге тыйым салынған тауарлардың заңсыз контрабандасының екі фактісінің жолы кесілді
Бірінші оқиғада, Қазақстан азаматшасы кеден декларациясында Қытайдан арасында жасанды талшықтан жасалған торшалар бар 68 тауар атауын көрсеткен екен. Дегенмен, тексерістер кезінде, полиэтилен қаптарда Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы қаңтардың 27-індегі шешімімен Кеден одағы жер аумағына енгізуге тыйым салынған 312 дана балық аулау ауы табылды. Аталмыш іс Зайсан аудандық сотына шешім қабылдау үшін жіберілді.
Екінші оқиғада, Қытайдан Қазақстанға қолданыста болған автокөлік шиналарын әкелудің жолы кесілді. Арнайы қаулы бойынша осындай тауарды тасымалдау үшін азаматтарда арнайы лицензия болуы тиіс. Бірақ, ондай қағаздар шина тасымалдаушыларда болмағандықтан, соттың шешімімен ҚР азаматына 15 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, тыйым салынған тауар тәркіленді.