Шығыс Қазақстан облысында кедендегі «ашық есік күндері» өтті

    АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Кедендік бақылау департаментінде Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінің «Кеден ісі» мамандығы бойынша оқитын 3-4 курс студенттеріне арналған «Ашық есік» күндері өтті. Бұл туралы ШҚО КБД баспасөз қызметі хабарлайды.
None
None

Аталмыш шараға Кедендік бақылау департаментінің бастығы А.Малғаждаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттігінің ШҚО бойынша тәртіптік кеңес төрағасы - басқарма бастығы Т.Қ. Жұмағұлов, ШҚМТУ оқытушылары мен студенттері қатысты.

А.Малғаждаров өз сөзінде кеден органдары қызметінің негізгі бағыттары және облыс көлемінде кеден ісі бойынша мамандарды даярлайтын оқу орындары арасындағы әріптестік туралы айтты.

Кездесуден кейін студенттерге ШҚО КБД аймақтық кеден зертханасы және «Өскемен-КРО» кеден бекетіне шағын экскурсия жасауға мүмкіндік берілді. Кеден зертханасына келген студенттерге зертхана қызметкерлері түрлі құрал-жабдықтар туралы ақпарат берді. «Өскемен-КРО» кеден бекетінде студенттер тауарларды ресімдеу, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен жұмыс істеу туралы мәлімет алды.

Соңғы жаңалықтар