Шығыс Қазақстан облысында күші 4,2 баллдық жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше Шығыс Қазақстан облысында күші 4,2 баллдық жер сілкінісі тіркелді,
None
None

деп хабарлайды ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеу институтының сейсмикалық ақпараттарды жинақтау және өңдеу орталығы.   

 Орталықтың мәліметтеріне сәйкес, жерасты дүмпулері Шығыс Қазақстан облысында Астана уақытымен 14 сағат 07 минутта тіркелген.

 Дүмпу ошағы солтүстік ендіктің 49,70 градусында, шығыс бойлықтың 77,66 градусында анықталды. Тереңдігі 4 шақырым.

 Еске сала кетейік, бұдан бұрын 14 желтоқсан күні облыста Қазақстан-Қытай шекарасына жақын тұста жер сілкінісі тіркелген болатын.

Соңғы жаңалықтар