19:15, 16 Тамыз 2010 | GMT +5
Шығыс Қазақстан облысында жаңа тағайындаулар болды
ӨСКЕМЕН. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін облыс әкімдігінде өткізілген кеңейтілген отырыста Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа кадрлардың тағайындалулары туралы хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы болып Дмитрий Гариков тағайындалды. Баспасөз қызметінің жетекшісі, облыс әкімінің баспасөз хатшысы болып Бекзат Рахымов тағайындалды.