Шығыс Қазақстан облысындағы өртпен күрес 5 күн бойы жүрді - ҚР ТЖМ

АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы өрт 5 күн бойы сөндірілді. Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етті.
None
None

Еске сала кетейік, қыркүйектің өткен 8-і күні "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" Мемлекеттік мекемесінің Жаңа-Семей филиалына тиесілі Бегенев орманшылығының аумағында өрт болды. Мұнда орманшылықтың 400 га аумақтағы далалы алқабы жанды. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер тіркелген жоқ.

«Өрт қыркүйектің 9-ы күні таңертеңгі 09.10-да тоқтатылып, қыркүйектің 12-сі күні 12 сағат 15 минутта толығымен жойылды. Төтенше жағдайды жоюға жеке құрамдағы 165 адам мен 3 техника сондай-ақ, ШҚО бойынша өртке қарсы қызметінің 82 адамы мен 27 техникасы жұмылдырылды», - деп анықтады ТЖМ-нан.

Соңғы жаңалықтар