18:08, 13 Қараша 2012 | GMT +5
Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар автожолдар жолаушылар көліктері үшін жабылды
АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қардың көп мөлшерде жаууы, жол көрінісінің шектелуі, көктайғақ) сағат 17:00-ден бастап Өскемен - Риддер-Ресей шекарасы (15-105 км) автожолының «Белоусовка-Риддер» учаскесі және Өскемен - Зырян - Қатон-Қарағай - Рахман қайнарлары (6-65 км) автожолының «Ушанов-Серебрянск» учаскесінде жолаушылар автокөлігі үшін уақытша жол қозғалысы шектелген.
Белгілі болғандай, аталған жолда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның №30 ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы техникалары кезекшілікке шықты.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 8 (7232) 26-28-08 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.