Шығыс Қазақстан облысының әкімі Елбасына облыстың өткен 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады

СТАНА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметінен.
None
None

Кездесу барысында Б.Сапарбаев облыстың ағымдағы жылдың өткен 7 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебі туралы баяндады.

Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 145,3 пайызға өсті. Физикалық көлем индексі 115,2 пайызды құрады. Облыс бойынша сыртқы сауда айналымы экспорт үлесі 2,2 есе артуымен 2,3 триллион долларды құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 119,3 пайызға артуы қамтамасыз етілді. Жұмыссыздық 12 пайызға төмендеді.

Ағымдағы жылы индустрияландыру картасы бойынша жалпы құны 155,1 миллиард теңгені құрайтын 12 жоба іске асырылды. Бұдан басқа, мемлекеттік - жеке меншік әріптестік және жеке инвестиция есебінен 34 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді.

Президенттің тапсырмасын жүзеге асыру аясында коммуналдық меншіктегі 72 әлеуметтік сала нысанын, мемлекеттік ұйымдарға бекітілген 34 гидротехникалық ғимаратты қайтару қамтамасыз етілді.

Кездесу барысында көктемгі су тасқынының зардаптарын жою жөніндегі шаралар туралы сөз қозғалды. Қазіргі уақытта 535 тұрғын үй және 7 білім беру мен денсаулық сақтау мекемелері тұрғызылуда. Кестеге сәйкес жүргізілгендіктен, барлық нысандардың құрылысы қысқы мерзімге дейін пайдалануға берілетін болады.

Сондай-ақ, әкім Мемлекет басшысын алда өтетін Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының VII аймақаралық форумына әзірлік барысынан хабардар етті.

- Еліміз Президентінің халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық тапсырмалары, Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері орындалатын болады, - деді Б.Сапарбаев журналистерге арналған брифингте.

Соңғы жаңалықтар