08:40, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Шығыс Қазақстан облысының аудандарында көктемгі дала жұмыстарының сапасы тексерілуде
СЕМЕЙ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстанның Бородулиха ауданында құрылған ведомствоаралық комиссиясы агроқұрылымдарында егістіктерді қабылдап алу жұмыстарын бастады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Комиссия жұмысқа осыдан бір апта бұрын кірісті. Осы аралықта 13 ауыл шаруашылық құрылымында 22821,3 гектар алқап тексерілді. Ол жерлерге астықты және астықты-бұршақты тұқымдастар -13937 гектар ауданды, күнбағыс - 8823,5 гектар жерді, біржылдық шөптер - 60 гектарды алып жатыр.Қабылдап алынған алаңдардағы өсім жақсы деңгейде, агротехникалық іс-шаралар сақталған.Ауданның 190 шаруашылығынан субсидия алуға өтінімдер түсті. Бекітілген кестеге сәйкес ведомство аралық комиссия егістікті қабылдап алу бағытындағы жұмыстарды маусымның 24-іне дейін жалғастырады.