Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары 28 адамды қар құрсауынан алып шықты

АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Алғабас ауылының тұсынан қар құрсауынан 28 адамды алып шықты,
None
None

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызмтінен.

Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында барлық автокөліктер жолдың қардан тазартылған бөлігіне сүйреп шығарылды, содан кейін көліктердің барлығы Өскеменге бет алды. Құтқарылған адамдардың ішінде үсік шалғандар және зардап шеккендер жоқ.

Құтқару шараларына төтенше жағдайлар ведомствосының жеке құрамының 8 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар