Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында көлік қатынасы қиындауда - Көлік және коммуникация министрлігі

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында күннің күрт жылынуы мен соған байланысты қардың еруіне байланысты көлік қатынасы қиындады. Оның ішінде Боран кентін су басып қалу қаупі бар, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
None
None

Мұндай жағдайды болдырмас үшін Омбы - Майқапшағай - Қалжыр - Теректі республикалық маңызы бар автомобиль жолында мамырдың 2-сінен бері судың жол бетінен асып тұрған учаскелердің бірін қазу жөнінде шешім қабылданды. Аталған учаскедегі су деңгейі төмендеген соң диаметрі 1,5 метр екі құбырды қатар салу жоспарлануда. Ал қазіргі су деңгейі бұл учаскедегі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бермей отыр.

Қазіргі таңда аталған учаскеде 4 техника жұмылдырылған.

Аудан ішінде көлік қатынасы Көкпекті - Күршім - Қаратоғай - Теректі маршруты бойынша жергілікті жолдар арқылы қамтамасыз етілуде. Жолдың схемасы ҚР көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz сайтында «Автомобиль жолдары комитеті» бөлімінің «Автомобиль жолдары» бөлімшесінде орналастырылды.

Соңғы жаңалықтар