Шығыс Қазақстанда автожолдарды алдағы қысқа дайындауға ерекше мән берілуде
Қыркүйектің 22-сінде облыс әкімдігінде өткен кезекті отырыста осы мәселеге ерекше назар аударылды. Облыстық жолаушылар тасымалы және автожолдар басқармасының бастығы Дмитрий Гариков, бүгінге 3879 шақырымдай жолдың (облыстағы барлық жолдың үштен бір бөлігі) бойындағы шөптер мен бұталар орылып, мұздың қатуына жол бермес үшін су өткізуші тубалардың 338 шағын тесіктері бітелгенін хабарлады. Сондай-ақ 401,2 тонна жанар-жағармай мен көктайғаққа қарсы 6 мың тоннадай материалдың қоры дайындалған.
Сондай-ақ, алдағы қысқа 806 бірлік қар тазалаушы техника жұмылдырылмақ және қар тоқтататын 8 952 метрдей қалқан орнатылмақ, оның 8-і мыңдай метрі - республикалық маңыздағы жолдарды қамтитын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстандағы ең ұзақ автожол желісіне ие - облыс аумағындағы жолдардың ұзындығы 12 мыңдай шақырым. Өткен екі қыс облыс тарихындағы ең аязды ғана емес, ең қарлы және боранды қыс болды. Жауған қардың көлемі нормадан ондаған есеге асып түсті. Сондықтан да, жергілікті өкімет жолдарды биылғы қысқа барынша дайын етпек.