10:41, 01 Наурыз 2010 | GMT +5
Шығыс Қазақстанда балық аулау спортынан жарыс өтті
СЕМЕЙ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шүлбі су қоймасында балық аулау спортынан Шығыс Қазақстан облысының ашық жеке және командалық чемпионаты өтті.
Жарысқа қатысқан 15 команданың екеуі - Өскемен, біреуі Шүлбі қаласының өкілдері болса, қалғандары - Семейден.
Жарыстың бірінші жүлдесін құрамына Әсет Досқожанов, Жұмағазы Рахымғалиев және Санат Князбаев сынды танымал кәсіпкерлер кірген «Семей -1» командасы жеңіп алды.
Ал «Бірінші ұсталған балық үшін» жүлдесі Владислав Каменскихке бұйырды. Ал «Ұсталған ең ірі балық үшін» наградасы Максим Топорковке бұйырды.
Жарысты Шығыс Қазақстан облысының Балық аулау спорты федерациясы ұйымдастырды.