10:09, 15 Наурыз 2013 | GMT +5
Шығыс Қазақстанда барлық жолдар ашық
АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - 15 наурыз, сағат 9.00-дегі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары» 422-450 шақырымы,

Берель-Рахман қайнарлары жол учаскесінің аралығына көліктің барлық түрлері үшін қойылған шектеулер алынды. Бұл туралы «Қазавтожолдан» хабарлады.
Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.