10:15, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
Шығыс Қазақстанда екі автобус пен елу шақты жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойды
АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстанда Өскемен-Қалбатау (Георгиевка) тас жолында боранның салдарынан екі жолаушылар автобусы мен елу шақты жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 40-45 адам мінген 15 автокөлік құтқарушылардың күшімен қардан шығарылды. Бұрқасында қалып қойғандарға бүгін таңертең азық-түлік, су және отын тиелген «УАЗ» көлігі аттанды. 50-ден астам жолаушы жол бойындағы дәмханаларға жеткізіліп, жайғастырылды. Ауа райының жайсыздығына байланысты республикалық маңыздағы Өскемен-Алматы тас жолының бірқатар учаскелерінде қозғалыс наурыздың 12-сінен бастап жабылды.