08:44, 05 Мамыр 2011 | GMT +5
Шығыс Қазақстанда иіс тиген 3 жасар сәби қаза тауып, 2 адам ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысына қарасты ауылдардың бірінде иіс тиген 3 жасар бүлдіршін қаза тауып, 32 жастағы әйел мен 11 жастағы бала ауруханаға жеткізілді,

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға 4 мамыр күні шамамен сағат 8-де орын алған. Құтқарушылардың мәліметі бойынша қайғылы оқиғаның орын алуына қатты отынмен жанатын пештің ақауы себеп болған.