Шығыс Қазақстанда Лайлы су қоймасының жағасындағы ауылдардың тұрғындары үйлеріне оралуда - судың беті қайтты

СКЕМЕН. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстанда Лайлы су қоймасының жағасындағы елді мекендерден су кетті, қауіпсіз жерге көшірілген 1,5 мыңдай тұрғын үйлеріне оралуда. Жедел әрекет етудің нәтижесінде құрбан болу және зардап шегу оқиғалары болған жоқ. Малдың да қырылуына жол берілмеді. Қазір ауданда арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.
None
None

Сәуірдің 29-29-ы күндері Төтенше жағдайлар қызметі, әкімдіктер және жергілікті тұрғындар бірлесе әрекет етіп, бөгеттің бұзылуына жол бермеу жөніндегі барлық шараларды қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 28-інде түнде еріген қар суынан Лайлы су қоймасы арнасынан таси бастаған болатын. Келген су бөгеттің жобалық нормасынан асып кетіп, түнде су ауылдарға қарай аққан. Толқынның биіктігі 1 метрге дейін жеткен. Самарское, Көкжыра және Казнаковка селоларының тұрғындарын жедел көшірудің нәтижесінде қайғылы оқиғаның алды алынды.

Соңғы жаңалықтар