Шығыс Қазақстанда тұтынушылар «Шығыстрейдке» 1 миллиардтай теңге берешек

Атап айтқанда, Өскемен қаласы, Зырян, Зайсан, Глубокое, Шемонаиха аудандары кіретін Шығыс өңірі бойынша берешек - 550 миллион теңгені құраса, Семей өңірі бойынша берешек - 475 миллион теңге соманы шамалайды. Және жалпы соманың 40 пайызын қарапайым халықтың қарыздары құрап отыр.
«Шығысэнерготрейд» компаниясының менеджері Светлана Нищенконың ақпараты бойынша, жылдың басынан бері жеке тұлғалардан 15 миллион теңге соманың дебиторлық борышын өндіруге 403 шағым-арыз берілген және 170 арыз бойынша 3,5 миллион теңге соманың берешегін өндіру туралы соттың шешімі шығарылған. Бірақ та, соған қарамастан, борышкерлер берешектерін жабуға асығар емес.
Қазір компания борышкерлердің пәтерлеріне жарықтың берілуін шектеуге мәжбүр болып отыр. «Электр тұтынымы өсе түсетін жылу маусымының қарсаңында, ақыларды уақтылы төлеудің маңызы зор. Себебі ол қарыздар бүкіл облысты энергиямен қамтамасыз етіп отырған компанияға ауыр жүк болып тиеді»,- дейді С.Нищенко.