Шығыс Қазақстанда жаңа кадрлық тағайындау жасалды

ӨСКЕМЕН. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Аймақ әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Омар Мұқашұлы Жақсылық Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол облыс әкімінің көмекшісі болған, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.
None
None

Омар Жаксылық 1980 жылы туған. 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған, ал ағымдағы жылдың көктемінде Қазақтың гуманитарлық-заңгерлік инновациялық университетінде екінші жоғары білім алған. Әр жылдар Мәдениет және ақпарат министрлігінде, «Арна-Медиа» Ұлттық медиа-холдингінде, «Қазақстан» телерадиокомпаниясында, сондай-ақ Парламент Мәжілісінің аппаратында жауапты қызметтер атқарған.

Соңғы жаңалықтар