Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 28 көлік өртенді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл 28 көлік отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша жыл басынан бері 28 автокөлік өртенген.

«Мәселен, 1 наурызда таңғы сағат 05.00 шамасында Алтай қаласындағы Тимофеев көшесінде гаражда тұрған көлікте от шыққан. 2014 жылғы «Шевроле Нива» маркалы көлігінде мотордың жанғыш бөлшектері мен аспаптар панелі өртенді. Алдын ала мәлімет бойынша қызыл жалынның шығуына – қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз қолдану себеп болған», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ бірнеше сағат өткен соң құтқарушыларға Өскемендегі Шәкәрім даңғылында «Газель» автокөлігінің өртенгені туралы хабар түсті. Департамент қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетіп, жалпы ауданы 5 шаршы метрді құраған тілсіз жауды ауыздықтады.

Статистика көрсеткендей, көп жағдайда өрттің шығуына – қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп болып жатады.


Соңғы жаңалықтар