Шығыс Қазақстанның кедені мемлекеттік шекара арқылы радиациялық жүкті алып өту оқиғасының алдын алды

ӨСКЕМЕН.  Қарашаның  2-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан  кеденшілері   Қытайдан   Қазақстан     аумағына    алып өтілмек  болған      тағы бір радиациялық  жүктің   жолын  кесті, 
None
None

деп хабарлады  ведомстводан. 

«Бақты» кедендік бекетінде 2 жүк көлігін   тексеру  кезінде «Янтарь»   стационарлық  жүйесі    шамадан тыс  радиациялық   фонды   тіркеді.     Ел аумағына   өткізілмек  болған  тауардың  гамма-көрсеткіші 0,41 микрорентген/сағатты  құраған,   яғни  0,10-0,12  микрорентген/сағатты  құрайтын межелі  көрсеткіштен    4 есе  жоғары  болған.

Жалпы салмағы 44 560 келіні  құрайтын  керамогранитті көліктер    Қытайдан   Қазақстанға,  облыс аумағындағы  жауапкершілігі  шектеулі серіктестердің біріне   апара  жатқан.

Кеденшілердің атап  көрсетуінше,  бұл    Қытайдан  радиациялық      көрсеткіші  шамадан тыс тауарлардың  облыс аумағына  осымен    жетінші рет  әкелінуі.

Анықталған  радиациялық жүк   мемлекеттік шекара арқылы    ел  аумағына   әкелінбек  болған   ең  үлкен  радиациялық  жүк болып  саналады.     Ереже  бойынша,   радиациялық  жүк    Қытайға қайтарылады.

Соңғы жаңалықтар