Шығыс Қазақстанның Үржар ауданында еріген қар суымен күресу үшін сенбіліктер жарияланды

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстанның Үржар ауданында еріген қар суымен күресу үшін сенбіліктер жарияланды.
None
None

Қызылсу үлкен зардап әкелмес үшін коммуналдық шаруашылық қызметінің қарауындағы барлық техника жұмылдырылып отыр.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, көшелерді тазалауға барлық ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері атсалысуда. Көшелерді арықтар тереңдетілуде, жаңа арналар қазылуда.

Күтпеген оқиғалардың алдын алу үшін аудан әкімі Бауыржан Жанақов аудан тұрғындарын табиғаттың «тосын мінездеріне» әзір болуға шақырды. «Биыл ауданда нормадан 5-6 есеге көп қар жауды. Апат айтып келмейді. Көктемгі қызылсудың алдын алу үшін әр адам өз қауіпсіздігін өзі қамтамасыз етуі керек. Ол үшін аулаларыңызды қардан тазартып, құм салынған қаптарды дайындаңыздар. Бірлесіп қана көктемгі суға қарсы тұра аламыз», деді әкім өз үндеуінде.

Соңғы жаңалықтар