23:33, 25 Қазан 2012 | GMT +5
Шығыс комитеті - неміс экономикасының дипломаты - ҚР Премьер-Министрі
БЕРЛИН. 25 қазан. ҚазАқпарат - Шығыс комитеті - бұл неміс экономикасының дипломаты. ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Берлиндегі «Атлон» қонақүйінде өткен Неміс экономикасы Шығыс комитетінің 60 жылдығы құрметіндегі салтанатты шарада осындай пікірін білдірді.
«Біздің еліміздің Президенті Шығыс комитетінің атына арнайы жолдауын жіберді, онда Комитетпен жемісті ынтымақтастықты жоғары бағалады және мұндай өзара іс-қимыл бұдан былай да біздің елдеріміз бен халықтарымыздың мүддесіне қызмет етеді деген сенімін білдірді. Шығыста 60 жыл - есеюі мен даналықтың дер шағы деген сөз бар. Иә, осы жылдары Шығыс комитеті зор тәжірибе мен қажетті білім нәрін жинады. Бұл бұдан да зор ауқымды жобаларды жүзеге асыруға негіз болмақ», - деді С.Ахметов.
Қазақстанның Премьер-Министрі Шығыс комитетінің төрағасы Экхард Кордеске ҚР Президенті Н.Назарбаевтың атынан құттықтау хат тапсырды.