Шығысқазақстандық боксшылар республика чемпионатында 4 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль қанжығалады

ӨСКЕМЕН. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Астанадан, бокстан өткен Қазақстан чемпионатынан шығысқазақстандық спортшылар 4 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль қанжығалап қайтты.
None
None

Мирас Жақыпов, Айдар Әмірзақов, Манат Өмірзақов, Данабек Сужанов, Миржан Рахымжанов, Әділет Егізеков, Жақсылық Ілиясов - облыс атынан өнер көрсетіп, олжалы оралған батырлар осылар. Бір ғана аймақ спортшыларының осындай жеңіске жетуі еліміздің әуесқой боксындағы бірегей көрсеткіш.

Қазақстан чемпиондарын кездесуге шақырған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, жас боксшыларды жеңістерімен құттықтап, оларға ескерткіш сыйлықтар және ақшалай сыйақылар табыс етті.

«Спорт кез-келген елдің даңқын асырады. Сіздердің арқаларыңызда еліміз танылады. Сіздерге жаңа жеңістер және кәсіби жетістіктер тілеймін. Кезекті Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында біздің, шығысқазақстандық боксшыларымызды көреміз деген үміттемін», деді әкім өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар