Шығысқазақстандық дәрігерлер туберкулез ауруының төмендеу үдерісін атады - жыл қорытындысы

ӨСКЕМЕН. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығысқазақстандық дәрігерлер туберкулез ауруының төмендеу үдерісін атады. Бұл жөнінде өтіп бара жатқан жылдың қорытындысы бойынша облыс әкімі қатысқан кеңейтілген кеңесте айтылды.
None
None

Кеңесте соңғы бес жыл ішінде, салалық бағдарламалардың арқасында, облыс халқының әлеуметтік-маңызды аурулар бойынша жағдайдың тұрақтауына қол жеткізілген. Биылғы жылы туберкулезден қайтыс болу аймақта 19 пайызға төмендеген. 2004-2008 жылдар аралығында қатерлі ісік ауруы 9 пайызға азайған.

Бала туу деңгейінің артуы, адам өлімі көрсеткішінің тұрақтауы, халықтың табиғи өсу коэффициентінің ұлғаюы оң үрдістер қатарына жатады.

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Қайрат Иманбаевтың ақпараты бойынша, емдеу-профилактикалық мекемелерін бюджеттік қаржыландыру да ойдағыдай жүргізілуде. Аймақ денсаулық сақтау мекемелерінің 1 шаққандағы шығыстары соңғы жылдары - 2005 жылы - 9194,7 теңгеге, 2009 жылы 21505,3 теңгеге өскен.

Соңғы жаңалықтар