Шығысқазақстандық құтқарушылар жолаушылар мінген 5 автобусты қар құрсауынан шығарды
Кеше күндіз болған боран «Өскемен-Алматы» тас жолында жолаушылар, жеңіл және жүк көліктерінің қозғалысына кедергі жасады.
Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, ақпанның 25-інде құтқару қызметінің мамандары жолдың 705-685-ші шақырымдарында 5 жолаушылар автобусын, бірнеше жеңіл және жүк көлігін қар құрсауынан алып шықты.
Жолды тазартқаннан кейін 3 автобус - Үржар бағытында, екеуі - Аягөз бағытында қозғалыстарын жалғастырды. 15 автокөлік жолың 92-ші шақырымы - Алматы және Бақты бағытындағы жолдың айырығында ауа райының тыныштанғанын күтіп қалды.
Төтенше жағдайлар қызметінің ақпараты бойынша, «Аягөз-Алматы облысымен шекара» учаскесі мен «Баршатас-Аягөз» учаскелерінен басқа бағыттағы барлық жолдар ашық.