14:22, 04 Наурыз 2012 | GMT +5
Шығысқазақстандық полицейлер қан тапсыруда
ӨСКЕМЕН. 4 наурыз. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің 30 полиция қызметкері қан жетіспей жатқан сырқаттарға көмек қолын созды.

«Бұл облыстық Қан орталығымен бірлесіп өткізген бірінші шара емес», -дейді полиция капитаны, тәрбие жөніндегі бөлім бастығы Дастан Жапалов.
Оның айтуынша, «бұл ізгілік акциясы 2011 жылдан бастау алған және жалғаса бермек. Енді әр екі ай сайын полиция қызметкерлері жылжымалы вагонға орнатылған қан өткізу қосынына келіп, сырқатқа демеу болатын ізгі шараға өз үлестері қосатын болады».