Шығысқазақстандықтар Елбасының Жолдауын жүйелі және дәйекті құжат ретінде бағалауда - депутат С.Ферхо

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Шығысқазақстандықтар Елбасының Жолдауын жүйелі және дәйекті құжат ретінде бағалауда. Бұл туралы депутат Светлана Ферхо Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуден кейін мәлім етті.
None
None

С.Ферхо, аймақтарға сапармен барып қайтқан депутаттардың халықпен болған кездесулерінде, бірінші кезекте, Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланғанын, осы жайында депутаттар Н.Назарбаевқа баян еткенін атап көрсетті.

«Шығысқазақстандықтар Елбасының Жолдауын жүйелі және дәйекті құжат ретінде бағалауда. Ең бастысы, оны жүзеге асыру үрдісі, бүгінде, дамудың жаңа кезеңінде, сенімді атқарыла береді», деді С.Ферхо өз сөзінде.

Оның айтуынша, басқа да өңірлердің тұрғындары сияқты, Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының да ықыласын Жолдауда көрсетілген барлық міндеттер, ең алдымен, әлеуметтік саланы дамытуға қатысты мәселелер, оның ішінде «Балапан» бағдарламасы қызықтырып отыр. Бюджет саласының қызметкерлері мен студент жастар Елбасыға ерекше алғыстарын білдіруде.

Соңғы жаңалықтар