Шымкент әкімі Г. Әбдірахымов мектеп қабырғасындағы қылмыспен күрес бойынша науқан басталғанын жариялады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін, 29 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы № 13 орта мектепте қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың жетекшілігімен полиция, аудандық прокуратура өкілдері, әкімдік қызметшілері, журналистер, осы мектептің мұғалімдері мен оқушылары жиналды.
None
None

Естеріңізге сала кетсек, жуырда аталған мектеп ғимаратынан 50 метрдей жерде төтенше жағдай орын алған болатын. Мектептің екі оқушысы қатарластарымен тапа-тал түсте төбелесіп қалған. «Жасөспірімдерге пышақ сұғып, санынан жарақаттаған, - деді ҚІІБ басшысы А. Бисенбаев. - Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің бірі ұсталды, екіншісі әзірге жасырынып жүр».

«Оқушылар да, олардың ата-аналары да кінәлілер міндетті түрде өз жазасын алатынын білуі тиіс», - деді Ғ. Әбдірахымов.

Ол Шымкент ІІБ басшысына бұл мектепке бекітілген кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекторға қатысты қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырды. «Мұндай жағдайдың орын алғанына инспектор кінәлі екені сөзсіз, - деді А. Бисенбаев. - Алайда оның объективті себебі де бар: мектеп жанжал туралы жасырып қалып, оқиғаны жария еткісі келмеді, нәтижесінде ауыр қылмыс орын алды».

Әл-Фараби ауданының прокуроры Х. Маматаев ағымдағы жылдың басынан оған сеніп тапсырылған аумақтағы орта мектеп оқушылары 45 қылмыстық іс жасағанын мәлім етті. Өткен жылы 60 қылмыстық іс тіркелген.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында кәмелет жасқа толмағандардың қатысуымен 238 қылмыстық құқық бұзушылық орын алды, оның 8-інде қару қолданылған.

Соңғы жаңалықтар