15:35, 11 Қаңтар 2012 | GMT +5
Шымкент арқылы өтетін Қошқар ата өзенінің жағалауында демалыс аймағы құрылады
ШЫМКЕНТ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкент арқылы өтетін Қошқар ата өзенінің жағалауында демалыс аймағы құрылады. Мамандар жобаны әзірлеумен айналысып жүр.
«Аттракциондар, аквапарктар, жағажайлар, спорттық алаңдар мен дәмханалар 20 гектар аумақты қамтитін жерде орналасатын болады», - деді «Сәулет Дизайн - Ш» жобасының инженері Анна Сушко. Ол сондай-ақ абаттандыру қаланың орталығындағы кең учаскені - теміржол вокзалынан Ордабасы алаңына дейін қамтитынын түсіндіріп өтті. Демалыс аймағы 1 шақырым 600 метр жерге созылады, оның ені 80-нен 100 метрге дейін болады.
Осы учаскенің барлығы бүгінде жекеменшік құрылыспен қамтылған, алайда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде учаскелерді сатып алу бойынша қиындықтар туындамайтынына сенімді. Бұл іспен мамандар айналысып отыр.