11:35, 31 Мамыр 2016 | GMT +5
Шымкент базарындағы өрт аумағы 210 шаршы метрді құрады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент базарындағы өрт аумағы 210 шаршы метрді құрады.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Төле би көшесіндегі базар 30 мамыр күні кешкі сегіздің кезінде өртене бастаған. Оқиға орнына 10 өрт сөндіру есебі мен жеке құрамның 50 адамы шықты.
Жалын сағат 21:40-та сөндірілді. 6 дүңгіршек өртеніп кеткен. Базардың жалпы ауданы 2700 шаршы метрді құрап отыр, соның ішінде өрттен 210 шаршы метр жер бүлінді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт себептері анықталу үстінде.