Шымкент дәрігерлері инсультке ұшыраған адамның бас миы тамырларына бірегей операция жасады

ШЫМКЕНТ. 14 шілде. ҚазАқпарат - Шымкент дәрігерлері инсультке ұшыраған адамның бас миы тамырларына бірегей операция жасады.
None
None

Операция қалалық жедел медициналық көмек ауруханасында жасалды. Биыл осы медицина мекемесінде ангиография кабинеті ашылған болатын, оның жабдықтары инсульт алған бас миының тамырларына жоғары технологиялық медициналық опреациялар жасауға мүмкіндік береді.

Кабинетті ашудың тағы бір мақсаты ишемиялық инсульт асқынып тұрған кезде шұғыл диагностика жасап, эндоваскулярлық ем-дом қолдану болмақ. Операция кезінде шымкенттік медиктерге Астана қаласындағы Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының маманы шеберлік сабағын өткізді.

Оңтүстік Қазақстанда мұндай операцияларды клиникалық практикаға енгізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум