Шымкент хайуанаттар бағындағы жылқылар еркіндікке жіберілді

Олар Жетісудағы «Алтынемел» ұлттық қорығының аумағына босатылды.
Зообақта туып-өскен төрт бие мен бір айғыр еліміздегі ең үлкен табиғи паркке дейін көлікпен жеткізіледі. Жануарларды жолай мал дәрігерлері бақылап отырады. Маңғол тұқымдас аттар бойы аласа болғанымен, төзімді келеді.
Мамандардың айтуынша, қолда ұстағаннан гөрі еркіндікте жүргенді жақсы көретін жануарлар табиғи ортаға тез бейімделеді.
«Жылқылар табиғат аясында әлемнің тек бір жерінде - Моңғолияда сақталған. Пржевальский жылқыларының қалған бөлігі тек зообақтарда мекендейді екен. Қазақстанда да бұрын болған. Оларға жақсы күтім жасаса, көбейеді деп ойлаймын. Бес бастың төртеуі - аналық, біреуі - айғыр. Бір аналығы буаз. Мамырдың басында Алтынемелде алғашқы төлін береді», - деп атап өтті «Шымкент зообағы» МҚК басшысы Нұрғазы Бұқарбаев.