Шымкент қаласында жылыту маусымы басталды
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің 21.10.2015 ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда қаладағы әлеуметтік нысандар жылу беру маусымына 100 пайыз, тұрғын үйі қоры 99,1 пайызға дайын. Жылу ең алдымен шаһардағы білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандарға беріледі. Ал 26 қазаннан бастап кестеге сай екі апта ішінде барлық көп қабатты тұрғын үйлер жылумен қамтылады.
Айта кету керек, алдағы жылыту маусымына қажетті көмір және сұйық отын қоры да жеткілікті. Бүгінгі күні көмір жеткізу келісім- шарттары жасалып, қатты отын кесте бойынша 100 пайыз тасымалданған. Сала мамандары алдағы уақытта көмір тапшылығы болмайды дейді. Бүгінгі күні шаһардағы 1762 көп қабатты тұрғын үйдің жылу жүйелеріне су жеткізіліп, оның 396 үйі циркуляцияға қойылды.