22:27, 31 Шілде 2015 | GMT +5
Шымкент көшелеріне ұлттық нақыштағы композициялар қойылып жатыр
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент көшелері бұрынғыдан да көріктене түсті. Облыс, қала басшыларының бастамасымен қала көшелеріне ұлттық нақыштағы «Шымкент» аталатын композициялар қойылып жатыр, деп хабарлайды otyrar.kz.

Ұлттық оюлардың кескінімен егілген гүлдерді жарық беретін шамдар арқылы түнде де күндізгідей анық көруге болады. Мұны көрген қала тұрғындары да, келген қонақтар да сүйсінбей өтпесі анық. Темірлан тас жолының бойында да биікке ұмтылған түрлі-түсті гүл стелла бой көтерген. Биіктігі 14 метрлік бұл кешен - ең биік композиция. Бүгінде құрылысы жүргізіліп жатқан орталық саябақтағы келесі композиция «Шаңырақ» деп аталады. Жұрттың көз қуанышы болар сәулеттік құрылымдардың құрылысына 67 млн теңге бөлінген. Жұмысты орындаушы мердігер - оңтүстіккореялық компания бір жыл бойы компазицияларды күтіп-ұстауға міндеттелген.