Шымкент мұнай өңдеу зауыты 30 жылдығын атап өтті
Аймақтағы ірі кәсіпорынды мерейтойымен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахимов құттықтады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Кәсіпорынның 30 жsлдығы құрметіндегі салтанатты шара кезінде қала басшысының «Петро Қазақстан» компаниясының басшысы Вэй Юйсян мырзамен кездесуі өтті.
Тараптар зауыттың перспективаларын талқылады. Ғабидолла Әбдірахимов ШМОС - бұл қала мен аймақ үшін ғана емес, тұтастай алғанда бүкіл ел үшін маңызды кәсіпорын екенін атап өтті.
Вэй Юйсян мырза зауытта жүріп атқан күрделі жаңғырту жөнінде әңгімеледі.
Ол экологиялық К4 және К5 стандарттары деңгейінде дизель отынының сапасын қамтамасыз ететін гидротазарту қондырғысы пайдалануға берілгенін және жаңғырту аяқталғанын атап өтті. Сөйтіп, дизель отынының сапалық және экологиялық қасиеттері жақсарды, оның құрамындағы күкірт және оның қату температурасы азайды.