Шымкент полицейі өртке оранған үйден әйел мен баланы құтқарды (ФОТО)

  ШЫМКЕНТ. 19 қазан. ҚазАқпарат - Шымкенттік Сейдахметовтер отбасы полиция қызметкері Бабыр Кентаевты туысқанындай көреді.
None
None

Шымкент полициясының Абай бөлімшесінің техник-криминалисі Сейдахметовтердің келіні мен немересін оттан құтқарды.

Сол күні үйде тек әйелдер мен үш жасар бала қалған болатын. Жалын асүйден басталды, онда қызып кеткен май тұтанып, жалын төбеге және басқа бөлмеге ауысты. Аз уақытта үйдің бір бөлігі отқа оранды.

Көршілері өрт сөндірушілерді шақырды, бірақ олар келгенше оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді. Әйелдің енесі далаға жүгіріп шығуға үлгергенімен, үйдің түпкі бөлмесінде әйелдің өзі мен оның қызы қалып қойған. Оларды үйден Бабыр Кентаев алып шықты. Ол сол сәттерде өзі туралы ойламай, тек көмекке келгендігін еске алды.

Қазіргі кезде күйік жарақаттарын алған полицей ауруханада жатыр. Сол ауруханада өзі құтқарған әйел «көмірқышқыл газына улану» диагнозымен  жатыр, оның денсаулығына еш қауіп жоқ. Үш жасар сәби қыз зардап шеккен жоқ, ол әжесімен және атасымен бірге үйінде.

Соңғы жаңалықтар